Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Таразда «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы өтті

27.04.2023ж. 20:00
1441
Таразда «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы өтті

Жамбыл облысында ферроқорытпа және цемент зауыты салынады. Құрылыс материалдары өндіріліп, тамақ өнеркәсібі дамиды. Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумда осы айтылды. Ауқымды шарада шетелдік ірі компаниялармен жалпы құны 700 миллионнан астам доллар болатын келісімдерге қол қойылды.

Жамбыл жеріне келген ірі шетелдік тауар өндіруші компания өкілдерімен жасалған келісім 360 миллиард теңгеден асады. Үндістан, Сингапур, Германия, Венгрия, Қытай, Өзбекстан секілді бірқатар мемлекеттердің инвесторларымен облыс әкімі меморандумға қол қойды.

Шавкат МАХМУДОВ, ИНВЕСТОР:

Металл өңдеуге бағытталған жобамыздың құны - 154 миллион АҚШ доллары. Өндірісіміз биылғы жылдың аяғында іске қосылса, 700 жұмыс орнын ашып, жыл сайын орта есеппен 500 мың тонна метал өндірсек деп отырмыз.

Аймақта алғаш рет мыңға жуық отандық және шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлердің басын қосқан форумның берері мол дейді ұйымдастырушылар. Өңірдің экономикасын еселеп, инвестициялық имиджін ілгерілетуге, тұрғындардың ырысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жалпы үш жылдың ішінде бізде үлкен 75 жобамыз бар. 2 триллион теңге біз жоспарлап отырмыз. Оның ішінде бес мыңнан астам жұмыс орын ашсақ деген.

Облыстағы өнеркәсіп орындарында 45 мың адам жұмыспен қамтылған. Айтылған жобалар жүзеге асса тағы да жаңа жұмыс орындары ашылып, жылына жалпы сомасы 300 миллиард теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде. Бұл өнімдердің 40 пайызға жуығы экспортқа шығады.