Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Армандар орындалады»: «Super bol» жобасының екінші маусымы басталды

27.04.2023ж. 20:00
934
«Армандар орындалады»: «Super bol» жобасының екінші маусымы басталды

Елімізде «Super bol» жобасының екінші маусымы басталды. Кәсіпқой футбол ойыншысы болғысы келетін, алайда түрлі себептермен оған мүмкіндігі болмай жүрген жастарды анықтауды көздейтін реалити-шоу 14 қалада өтеді. Іріктеудің алғашқы шарасы мамырдың 4-інде Ақтауда болады. 30 мамырда Семейде аяқталады. Кастингке 16 және 24 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатыса алады. Финалға өткендердің кәсіби футбол клубтарымен келісімшарт жасауға мүмкіндігі бар.

Нағи БАҚЫТБЕКОВ, «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Таңғы 10 нан кешкі 7-8 ге дейін 8 сағат уақытында әр қаладағы орталық стадиондарда сол жерге тіркелген ойыншыларды жинайды, жаңа айтқандай 8 бапкер. Барлығы алаңды 4 бөлімге бөлеміз. Сол жерде жеке-жеке жұмыс жасайды. Бірақ сіз біреуін көріп, екеуін көрмей қою мүмкін. 2-3 сағат сайын ауыстырып отырады. Сол кезде кешке дейін барлық бапкер бүкіл ойыншыны қарап шығады да общий барлығы жиналыс өткізіп, ойларын бір неге салып, соның ішінен іріктейді.