Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстандық әйел күйеуіне томпақ тоқал іздейтінін айтып, кастинг жариялады

AstanaTV
28.04.2023ж. 11:28
1507
Қазақстандық әйел күйеуіне томпақ тоқал іздейтінін айтып, кастинг жариялады

Қазақстандық әйел күйеуіне томпақ тоқал іздейтінін айтып, кастинг жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызу талқыға түскен видео TikTok-та жарияланды. Видеода әйел адам күйеуіне қандай тоқал керек екенін айтады. 

"Мен өзіме қолғабыс болатын, қолымды ұзартатын, патшама тоқал іздеп отырмын. Тоқал болуға арық қыздар армандамай-ақ қойсын. Маған топ-томпақ, жаңа піскен бауырсақтай қыз керек", - дейді әйел адам. 

Кастинг жариялаған әйел тоқал болуға келісетін қызбен келіспей тұрып алдын ала қоятын шарты бар екенін айтады. 

"Себебі мен бәйбішемін ғой. Біріншіден, тоқал келгеннен кейін дәстүрдің бәрін жасаймыз, некесін қиямыз. Келгеннен кейін бес жыл фазендада өмір сүреді. Фазендада не бар екенін айта кетейін. 80-90 бас байланып тұрған ірі-қара бар. Бір отар қой, бір үйір жылқы бар. Қысы-жазы істейтін саяжай бар. Онымен қоса бәленбай гектар егістік бар. Яғни 30-40 жұмысшы бар. Солардың тамағын жасайтын адамдар бар, олардың кірін жуатын адам бар. Тек сол фазендада өмір сүріп, солардың үстінен қарау керек. Яғни патшаның өз жұмысы бар. Бір жұмада бес күн екінші әйелінің жанында болады, мен оны "Айгерімім" деп атаймын. Екі күн ғана қаладағы менің жанымда болады. Осыған келісетін қыздар болса маған хабарласуын сұраймын", - дейді видеодағы әйел.     

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, түрлі пікір жазған. 

"Жаңа піскен бауырсақтай емес, арық болғаным өкінішті", "Сіз жалақыға жұмыс істейтін адам іздесеңізші, сол дұрыс болар", "Құл іздеп жатырмын десеңізші", "Тоқал бәріне жарап тұр делік, ал патшаңыздың шамасы жете ме оған?", "Арық болса не болыпты?", - дейді Желі қолданушылары.