Үндістанда коронавирустың жаңа штамы тарап жатыр. Бұл жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар 24" арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, соның салдарынан үнді елінде коронавирус толқыны қайта белең алған.
Мамандар жаңа штамның тарау қарқыны өте жылдам дейді. Наурыз айының соңында ғана дертті жұқтырғандар саны 13 мың шамасында болса, жергілікті билік Үндістанда қазіргі таңда инфекцияға шалдыққандар саны 60 мыңға жеткенін мәлімдеген.
Ковидтің бұл штамы бейресми "Арк-тур" деп аталып кеткен. Вирус негізі көздің қабынуына әкеп соғады. Әзірге жаңа ковид түрі зерттеліп жатыр.
Бұл ауру түрі Үндістаннан бөлек, Ресейде де анықталды.
Жалпы пандемия басталғаннан бері бүкіл әлем бойынша 760 млн-нан астам адам ковид жұқтырып, оның 7 млн-ы көз жұмған.