Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын"

AstanaTV
28.04.2023ж. 22:33
1268
"Күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын"

Отандық әнші Әли Оқапов анасының мықтылығы жайлы сөз етті. Тимур Балымбетовке сұхбат берген Роза Рымбаеваның ұлы анасының елдің сынын қалай қабылдайтынын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

"Мен ол кісіні "Темір әйел" дейтін едім. Пандемия кезінде де анам өте сабырлы болды. Ел не істерін білмей жүргенде, анам бәрін сабырлы қалпында қабылдады. Қалай елдің сөзін елемей жүретінін талай сұрадым. "Әли мен не көрмедім? Мен күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын. Мен елдің бөлінгенін көрдім. Ақшаның құнсызданғанын көрдім. Соғыс кезінде майданның ортасында ән айтуға бардым. Басқасы түк емес" деді.Ол кісі тамақ пісіргенді ұнатады. Түн ортасында тұрып, бәліш пісіріп жүре береді. Елдің пікіріне қайғыру, көңілі түсу деген жоқ. Бастысы ойын ашық айтты. Әрі қарай өз ісімен айналысады", - деді Әли Оқапов.