Алматы облысының Жамбыл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жас жұбайлар екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр.
Іздестіру туралы ақпаратты еріктілер әлеуметтік желіде жариялады. 1993 жылы туған Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылы туған Әлмек Әлима 5 наурызда жоғалып кеткен. Ерлі-зайыпты түс ауа сағат 15:00 шамасында Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 96 В мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.
Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 701 375 92 91, +7 700 305 05 25 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.