Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

3 жасар бала қамалып қалды

AstanaTV
30.04.2023ж. 13:37
795
3 жасар бала қамалып қалды

Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары 3 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды polisia.kz.

Анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде шәйнек газплитаға қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған, салдарынан анасы пәтерге кіре алмай қалған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. Пәтер екінші қабатта орналасқан. Полиция қызметкерлері үйге балкон арқылы кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады.