Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Өзбекстанда референдум өтіп жатыр

AstanaTV
30.04.2023ж. 14:17
875
Өзбекстанда референдум өтіп жатыр

Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де Өзбекстанда 10 758 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда ел азаматтары Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс бере алады.

Өзбекстанда сайлау құқығы бар 20 миллионға жуық азамат тіркелген. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру бюллетенінде бір ғана сұрақ бар: «Сіз «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңын қабылдайсыз ба? және екі жауап нұсқасы: «Иә» және «Жоқ».

Бюллетеньдер өзбек тілінде және республика аумағында тұратын аз ұлттардың тілдерінде, сондай-ақ көзі нашар көретін азаматтарға ыңғайлы болу үшін Брайль қарпімен басылады. Дауыс беру процесі жасырын және жабық кабинада өтеді. Дауыс беру жәшіктері мөрленіп, референдум аяқталғаннан кейін ғана ашылады. Республикадағы референдум учаскелері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.