Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстандықтар Астана күнінде төрт күн демалады

AstanaTV
30.04.2023ж. 15:35
797
Қазақстандықтар Астана күнінде төрт күн демалады

Қазақстан үкіметі елорда күні мерекесіне орай төрт күндік демалысты бекітті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады”, – деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Төрт күндік жұмыс аптасы қалай жүзеге асады - Министрлік өкілі түсіндірді

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

“Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді”, – деп қосты дереккөз.