Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Концертте 172 бала жоғалып кетті

AstanaTV
30.04.2023ж. 16:42
656
Концертте 172 бала жоғалып кетті

ІІМ Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өтті.

«Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның ішінде 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер», - деп жазды ведомстводан.

Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.