$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалды

AstanaTV
30.04.2023ж. 19:22
912
Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалды

Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында болған. Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Жасөспірімдер жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туылған оқушылары болып шықты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімінде (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіге жас балалардың төбелесі бар видео жарияланды. Бейнежазбада ұл баланы қасында тұрған жігіт ұра жөнеледі. Артынша, жалғыз жасөспірімге өзге қатарластары жабылып, ұра бастайды. Төбелестің шығуына не себеп болғаны белгісіз. Мән-жайы тергеу барынысында анықталады.