Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілі киіз үй құрды

AstanaTV
01.05.2023ж. 09:20
1304
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілі киіз үй құрды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты киіз үй құру акциясы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан халық ассамблеясына сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарды, туған ел мен Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Акция бір шаңырақ астында біріккен ұлттың ауызбіршілігін, бірлескен еңбекті, Отан игілігі үшін әр адамның қосқан үлесін білдіреді.