Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Халықаралық іздеуде жүрген экс-депутат ұсталды

AstanaTV
01.05.2023ж. 13:41
987
Халықаралық іздеуде жүрген экс-депутат ұсталды

2007 жылдан бері іздеуде жүрген жеті ағайынды Қырықбаевтардың бірі Алмас Қырықбаев ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Өксікбаев деген атпен өмір сүрген Алмас Қырықбаев Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен келген.

«Ол Қазақстанға Әмірліктерден тікелей рейспен келген, соңғы жылдары Өксікбаев деген фамилиямен тұрып, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты болып сайланған.

Қызық, егер қылмыстары 2006 жылы жасалған болса, оның мерзімі өтіп кетпеді ме?» деп жазды Козачков.

Алмас Қырықбаев – бірнеше ағалы-інілі азаматтардан тұратын, бұрыннан белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ «Қырықбаевтардың» мүшесі.

Алмас Қырықбаев 2007 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген. Тергеу мәліметінше, ол Тараздағы бір ЖШС-нің директорынан 10 мың доллардан астам ақша бопсалаған.

2012 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алмас Қырықбаевтың Дубайда ұсталғанын хабарлады. Кейін Қазақстанға экстрадицияланды ма, ол жағы белгісіз.