Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шымкентте белгілі заңгер із-түзсіз жоғалып кетті

AstanaTV
01.05.2023ж. 17:00
995
Шымкентте белгілі заңгер із-түзсіз жоғалып кетті

Шымкентте еріктілер тобы қаладағы белгілі заңгер Бақыт Үсетовтің жоғалып кеткенін жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz порталына сілтеме жасап. 

Әкесінің жоғалғаны туралы ең бірінші болып қызы хабарлаған. Айтуынша, ер адам соңғы рет 24 сәуірде хабарласқан. Одан кейін із-түссіз жоғалған.

"Әкем жоқ, соңғы рет хабарласқанымызға бір апта болды. Үсетов Бақыт Сейілханұлы 52 жаста, заңгер болып жұмыс істейді. Оны әріптестері де іздеп жатыр. Хабарласпайды, телефоны мүлдем ажыратылған. Біреу көрген болса, +7 708 209 52 32 нөміріне жауап берсеңіздер", – делінген хабарламада.