Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралда автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды

AstanaTV
01.05.2023ж. 17:42
801
Оралда автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды

Орал қаласында автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 мамыр күні түсте болды.

«Шамамен сағат 13.00-де 1970 жылғы жүргізуші №19 бағытпен жүретін автобуспен келе жатып, Құрманғазы көшесіндегі «Бибігүл» кафесі тұсындағы аялдамада «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Содан рульге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.