Маңғыстаудағы кен орнында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Ал Ақтөбе облысында 2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты. Жеңіл көмірсутегін алу қондырғысы өртеніп, 4 адамды күйік шалды.
Маңғыстаудағы қайғылы жағдай Жетібай кен орнында монтаждау жұмыстары кезінде болған. Жарылыс салдарынан, газ-электр дәнекерлеушісі оқиға орнында мерт болды. Ал бұрғылау қондырғысының шебері, Қытай азаматы басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Бақтығүл ЖАНҰЗАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылды. Қазіргі таңда арнайы тергеп-тексеру комиссиясы жұмыстарын жүргізуді. Заңмен көзделген мерзімде тергеп-тексеру комиссиясы жұмыстарын аяқтап, материалдарды құзырлы органдарға жолдайтын болады.
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің «Жаңажол» кен орнында газ сұрыптайтын қондырғы өртенген. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қызыл жалын 20 тонналық пропан газы толы басқа бес цистернаға таралмас үшін әуелі қондырғы құбырдан ажыратылған. Тек содан кейін ғана өрт сөндірілді.
Азамат ЖҰМАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МӨББ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі таңда енді комиссия жұмыс істеп жатыр орнында, шығу себептері мен барлығы комиссия қорытындысынан кейін белгілі болады.
Өрттен төрт жұмысшы зардап шекті. Қазір олар Темір аудандық ауруханасында. Бүгін облыс орталығына жеткізіледі.
Марат ЖАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Төрт адам күйік алған. Күйіктің сатысы 2-3 дәрежесінде орташа жағдайда қаралынған. Қай жерлері қолдары , беттері денесі сондай жарақаттары бар.
Оқиғаға қатысты «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.