Түркістан облысында шегіртке қаптады. Марокко зиянкестері жайылымдық жерлерді тып-типыл қып барады дейді тұрғындар.
Шегіртке жолындағының бәрін жайпап, жеп жатыр. Ауыл азаматтары биыл төрт-түлігіміз азықсыз қалатын болды деп алаңдайды. Арыс пен Сарыағаш ауданында жағдай қиын. Ал шегірткеге қарсы күресті күшейткен аумақтық инспекциядағылардың мәліметінше, қазір олар биологиялық өсудің бесінші сатысында. Қаптап жүруін миграция кезеңі, яғни күніне 20 метрден жылжу кезі деп түсіндірді.
Ибрагим БЕГАСЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ауа-райының келеңсіз жағдайлары биыл өте көп болып жатыр. Жаңбырлы боп жатыр. Күн суық боп жатыр және жел, жел секундына 25 метр секунд ұрып тұр. Бұл желдің кезінде, жаңбырлы кезде ол тиімділігі болмайды. Сол үшін жел кезінде, жаңбыр кезде біз тоқтатып отырамыз. Енді кешке-кешке қазір біз уақытпен санаспай кешкі уақытта да жүргізіп жатырмыз сол кешкі уақытта. Таңда таңғы бестен бастап жүргізіп жатырмыз желге қарап.
Биыл 67 мың гектар аумақты улау жоспарланған. Қазір ол жұмыс 70 пайызға аяқталған. Бірінші кезекте егістік алқаптар залалсыздандырылды. Қазір миграция аумағы - жайылымдық жерлер. Дәрілеу шаралары бір аптада бітеді дейді мамандар.