Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру бағыттары түсіндірілді

02.05.2023ж. 20:00
1258
Жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру бағыттары түсіндірілді

Жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Талабы қандай, қалай алуға болады? Жастар бағдарламаны естігенімен, көпшілігі шартын білмейді. Сондықтан «Жастар рухының» елордалық филиалы бағдарламаның әрбір тетігін түсіндіруде. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында жастарды қолдау мақсатында осындай тапсырма берген. Мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін насихат шаралары көбейтілмек. «Жастар рухы» Мемлекеттік бағдарламаларды осылай тұрақты түсіндіріп, алтын көпірге айналуды мақсат етуде.

Арсланбек МАҒЗҰМ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастар үшін маңызды жобалар болса, біз оларға хабарлауымыз керек. Өйткені олар көбінесе қандай жобалар барын, не жүзеге асырылып жатқанын білмейді. Ал біздің миссиямыз жастар мен мемлекеттік бастамалар арасын байланыстыру.

Ерсайын ОСПАНОВ, СТУДЕНТ:

Бұл өте пайдалы, өйткені қазір жастар өздеріне стартап таба алмайды. Олардың идеялары көп, пайыздық мөлшерлемелері төмен осындай бюджеттердің болуы оларға өте пайдалы.