Шымкентте көшеден мәйіт табылды. Ер адамның денесі көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыс контейлерлерінің жанында жатқан. Полицияға жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Құқық қорғау органдарының дерегінше, марқұм - 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазір өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.