$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Қатарынан екі вице-министр тағайындалды

AstanaTV
06.04.2016ж. 20:00
Қатарынан екі вице-министр тағайындалды

Бүгін қатарынан екі ведомствода кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Қаржы вице-министрі болып Татьяна Савельева тағайындалды. Оның мамандығы - экономист, қызметін Астана қалалық қаржы басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Ал  2012 жылы Қаржы министрлігіне департамент директоры болып келген.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі болып Нұрлан Ыбырайым тағайындалды. Ол - заң ғылымдарының кандидаты, президент әкімшілігінде қызмет атқарған. Зияткерлік меншік құқығы комитетінде төраға орынбасары, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппарат жетекшісі болып жұмыс істеген. 

Құралай ПИОНЕР