Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Доллар бағамы тағы төмендеді

AstanaTV
03.05.2023ж. 15:51
790
Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,45 теңгеге төмендеп, 442,52 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 мамырдағы ресми бағамы - 449,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 444,54 теңге, сату – 448,21 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,03 теңгеден сатып алынып, 448,28 теңгеден сатылып жатыр.