Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушының жағдайы белгілі болды

03.05.2023ж. 20:00
913
Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушының жағдайы белгілі болды

Алматы облысында 6-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Оқиға Кеңдала ауылындағы «Бәйтерек-Талғар» тас жолында болды. Жеткіншек жолды арнайы белгіленген жерден кесіп өтпек болған. Алайда қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен автокөлік жүйткіп келіп, баланы қағып кетеді. Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырып үлгерген.

Исламбек НҰРМАХАШЕВ, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:

Қызымызда қосарланған жарақат болды. Жабық бас ми жарақаты болды. Бас ми шайқалуы және де көптеген денесінде сырылған жарақаттар болды. Сол сирақ сүйектерінің ашық сынуы болды. Біз реанимация бөлімінде науқасқа алғашқы көмек көрсеттік.

Кейін жасөспірім Алматы аумақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Жол апатына кінәлі көлік тізгінінде он сегіз жастағы жігіт болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ернар САЙДІЛДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-ші бабының 2-ші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелді. Іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.