Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«АMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды

03.05.2023ж. 20:00
1222
«АMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды

Қазақстандықтардың 90% түрлі банктен несие алған. Оның ішінде 100 мың теңге жалақымен ай сайын банкке 300 мың теңге несие төлеп жүргендер де бар. Тығырықтан шығудың амалын іздегендер несиесін басқа банктен қарызға алған ақшамен жабуға мәжбүр. Бірақ ұзаққа бармай, борышкерлердің қатарына қосылады. Бүгінде 7 миллионға жуық отандасымыздың несиесі өтелмеген. Осы олқылықты жоюды көздеген «АMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Жобаның мақсаты- халықтың қаржылық сауатын арттыру. Яғни, олар қаржыны тиімді жұмсауды, несиені реттеуді үйренеді. Мамандар 80 мыңға тарта тұрғынды қамтуды жоспарлап отыр.

Кенесары НҰРШИНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл бастама біздің "AMANAT" партиясымен іске асырылып жатыр. Бұл тек қана аудан орталықтарында ғана емес, сонымен қатар елдімекендерге де біз шығамыз. Аудан орталығынан бөлек ауылдық елді мекендерге бару жоспарда бар. жылдың соңына дейін біздің облыста қазан айына дейін 10 мың адамға осындай лекциялар өткіземіз деген жоспарларымыз бар.