Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына биыл - 30 жыл

03.05.2023ж. 20:00
1684
Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына биыл - 30 жыл

Елордада «ТҮРКСОЙ – 30 жыл: нәтижелері мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шарада түркі өркениетінің тарихи, мәдени және рухани мұрасының жаңғыруы ғана емес, ТҮРКСОЙ-дың түркі халықтарының бірлігіндегі рөлі, сондай-ақ түркі мәдениетін әлемдік деңгейде танымал ету, дамыту мәселелері талқыланды. Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына биыл - 30 жыл. Алғаш Қазақ жерінде құрылған 6 елдің бірлестігі өзінің мерейтойын Қазақ жерінде атап өтпек. Мерекелік шара 9 маусымда Астанада басталады.

Сұлтан РАЕВ, ТҮРКСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Ер бабаларымыздың тілегі, түркі бірлігінің жаңғырығы осы қасиетті Қазақ жерінде пайда болды. Қазақстан дүниенің дидарын өзгерткен ұлы алқап, киелі жер. ТУРКСОЙ ұйымы ірі жобаларды Қазақстанда іске асырды. Біз түркі дүниесінің мәдени орталығы атты жобамызды да осы Ақорда Астанада бастағанбыз. Бүгінде түрік үйлесімінің мәдени орталығы жобамыз ең маңызды мәдени трендке айналды.