Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Ата-енем алтын адамдар": Айдай Исаева қай өңірдің келіні екенін айтты

AstanaTV
03.05.2023ж. 21:28
1756
"Ата-енем алтын адамдар": Айдай Исаева қай өңірдің келіні екенін айтты

"Қазақстан аруы-2014" әрі танымал тележүргізуші Айдай Исаева алғаш рет ата-енесі жайлы құпиясын бөлісті. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген Айдай Исаева оңтүстіктің келіні екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кісілер Шымкент қаласының Арыс жағында тұрады. Ол кісілер жылына бірнеше рет үйге келеді. Біз де барып тұрамыз. Сәлеміміз түзу, Аллаға шүкір. Менің ата-енем-алтын адамдар. Жақында қайын інім үйленді. Баласы бар, келін қолда. Күнде хабарласамыз, барлығы керемет. Өйткені, адамның өзіне де байланысты. Бір-бірімізге ешқандай артық сөз жоқ. Сыйластықпен өмір сүреміз", - деді Айдай Исаева.