Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда жасөспірім 6-қабаттан секіріп, қайтыс болды

AstanaTV
04.05.2023ж. 07:42
577
Ақтауда жасөспірім 6-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Ақтаудағы 4-шағын ауданда жасөспірім тұрғын үйдің 6-қабатынан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 мамыр күні 07:20-да түскен.

«Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан өзін лақтырып жібергені белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», - делінген хабарламада.