$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мектепке жұмысқа орналастырамын: Алаяқ мұғалімді 700 мың теңгеге алдады

AstanaTV
04.05.2023ж. 14:15
1009
Мектепке жұмысқа орналастырамын: Алаяқ мұғалімді 700 мың теңгеге алдады

Жамбыл облысында мектепке жұмысқа орналасқысы келген педагог алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша полицияға арызбен жүгінген. Айтуынша, биылғы жылдың қаңтар айында таныс әйел оны мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өзінің «қызметі» үшін 700 мың теңге алған.

«Жәбірленуші оған сұраған ақшасын берген, алайда уәде еткен жұмыс орнына тұра алмағандықтан, полицияға шағымданған. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының 48 жастағы тұрғынын анықтады. Әйел өз кінәсін мойындады. Ол «келу туралы міндеттемемен» босатылды. Қазіргі таңда істің егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.