Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысындағы дауылды жел: Жарық өшіп, мектептер онлайнға көшті

AstanaTV
04.05.2023ж. 15:34
1245
Түркістан облысындағы дауылды жел: Жарық өшіп, мектептер онлайнға көшті

Түркістан облысында қатты желден үйлердің шатыры ұшып, сабақтар онлайн форматқа ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында апта басталғалы жел тоқтамай тұр. Бүгін желдің жылдамдығы күшейе түсті. Салдарынан үйлердің шатыры ұшып, оқушылар қашықтан білім алуға көшіріліп жатыр.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірдегі 4 ауданда 14 612 абонент жарықсыз отыр. Оның ішінде Кентау қаласында - 1420, Бәйдібек ауданында - 9061, Сайрамда - 200, Сауранда - 3931 абонент бар.

Қазіргі кезде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Қатты желдің әсерінен Кентау қаласында мектеп пен «Қазақтелеком» мекемесінің шатыры ұшып кеткен.

Бастауыш сыныптар онлайн режимге көшті.