Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астана аспанын қарағандылық әскери ұшқыштар қорғайды

04.05.2023ж. 20:00
1215
Астана аспанын қарағандылық әскери ұшқыштар қорғайды

Астананың әуе кеңістігі қарағандылық әскери ұшқыштардың жіті бақылауында. Қазақстан Республикасы әскери әуе күштерінің Қарағандыдағы авиациялық базасы елордамен қоса бүкіл Орталық Қазақстанды жаудан қорғайды. Әуе күші ең жылдам жаңа жойғыш ұшақтармен жабдықталған.

Айдос Өмірзақ - әскери ұшқыш. Ақтөбедегі әскери институттың түлегі. Математика, физика мен аспан әлемі, әскерге қатысты техниканы меңгеру, зерттеу оның сүйікті ісі.

Айдос жойғыш ұшаққа әдбен жаттыққан. Қазіргі міндеті ұшу аймағы мен координаттарын еш қатесіз белгілеп командирге жеткізу, қажет жағдайда ұшақты өзі басқарады. Әуе кеңістігінде қырағылық, қорғаныс пен әскери ұшақтың техникалық жағдайы да маңызды.

Айдос ӨМІРЗАҚ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШЫ:

Мынау бірінші самолетты тексерер алдында пвд-ны қарап шығамыз. Еш жерінде майысқан сынған жері болмау керек.

Алмат ҚАЙРОЛДАНОВ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ АҒА АВИАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИГІ:

Мен бұл самолеттың авациялық технигімін. Бұл самолеттың дұрыс жағдайына, бүкіл жаюдықталған аппараттаорына жауап беремін. Ұшқыш экипаждарының қауіпсіздігіне тікелей жауап береміз.

Астананың әуе кеңістігін осы әскери ұшқыштар қорғайды. Қарағандыдағы авиациялық база елордамен қоса бүкіл Орталық Қазақстанды жаудан қорғайды.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

СУ 30 СМ әскер ұшағы ең жылдам техникалардың бірі. Оның жылдамдығы сағатына 1400 шақырымға жетеді. Бүкіл Орталық Қазақстанның әуе кеңістігін қорғайтын еліміздің астанасына небәрі 20- 30 минутта жетеді.

Айдос ӨМІРЗАҚ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШЫ:

Және де бұл самолетта қанаттарының астында 12 точка подвески бар. Міне ракеталар ілінеді, мына жерге де тағыда подвеска іліп каждыйына ракета ілуге болады.

Жойғыш ұшақтар суық қаруды әзір тек әскери жаттығуларда ғана жарып жүр. Алайда аспан сақшылары ел тыныштығын бейбіт күнде де қорғайды. Ол үшін әуе күштері жыл сайын жаңа техникалармен жабдықталып, ұшқыштар шеберліктерін шыңдайды.

Айдос ӨМІРЗАҚ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШЫ:

Аспанда мойнымда үлкен жауапкершілік артылады. Өйткені ҚР азаматтарының қауіпсіздігін, әуе кеңістігін күзету біздің мойнымызда. Бұл әскери базада қырыққа жуық әскери адам ұшқыш жұмыс жасайды. Олардың басты мақсаты әуе кеңістікті қорғап, Қазақстанға тыныштық сыйлау.