Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойыны басталды

04.05.2023ж. 20:00
902
Елордада республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойыны басталды

Елордада республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойыны басталды. Шараның өтуіне «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты мұрындық болып отыр. Оған барлық өңірінен қатысушылар келді.

Әскери-патриоттық сайыстың іріктеу кезеңінен өткендер Астанаға келді. София Әзизова-алматылық. Ол өзінің командасымен бірге сайыста жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат еткен.

София ӘЗИЗОВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Іріктеу кезеңі өте қиын болды. Әрине, барлығы жеңіске жеткісі келеді. Біз де соған ұмтылдық. Өте жақын дос болып кеттік, көңіл-күйіміз қазір керемет. Дайындығымыз да өте жоғары деңгейде.

Бүгін «Qaisar» әскери-патриоттық сайысының ашылу салтанаты өтті. «AMANAT» партиясының басшылығы мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Тәуелсіздігімізді нығайтып елдігімізді бекемдеу бұл біздің қасиетті борышымыз. Осы әрбір жастардың бойынан осы қасиетті борыштарды сіңіре білу және оларды үйрету біздің басты міндеттеріміздің бірі.«Qaisar» жобасы бұл жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге одан біздің дәстүрлерімізді қадірлеуге және отанды қорғауға үйретеді. Осы арқылы біз жастарымыздың бойындағы мінезді осы отаншылдық қасиеттерін қалыптастырамыз деп ойлаймыз.

Әскери-патриоттық ойынның іріктеуіне 2000-нан аса жас қатысып, оның 120-сы финалдық кезеңге жолдама алған. 1 топта 4 ұл, 2 қыз болады. Оларға қойылар талап жоғары. 7 бағыт бойынша бақ сынайды. Балалардың дене шынықтыру және интеллектуалды дағдылары жан-жақты тексеріледі.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл екінші рет өткізіліп жатыр бұл ойындар. «Qaisar» ойындарының жобасын Қасым Жомарт Кемелұлы бізге жастар рухын жұмысын жандандыру бойынша бағыт тапсырма ретінде берген болатын. Сондықтан да бастадық осындай жобаны. Күштік тәсілдер және интелектуалды тәсілдер бойынша бір-бірімен сайысып ең мықтыны анықтайтын бюолады.

Әскери сайыс тартысты басталды. Командалар үлкен дайындықпен келген.

Әлішер ҚАЖЫБАЕВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Әскери-патриоттық ойындар өте белсенді өтіп келе жатыр. Және де бүгін сынақтардың бірінші күні. Осы әскери-патриоттық ойынға біз бірінші рет қатысып отырмыз. Біз жүлделі орынсыз жерімізге қайтқымыз келмейді.

Әскери-патриоттық сайыста жеңіске жеткендерге ақшалай жүлде табысталады. Сондай-ақ әскери бөлімге экскурсия жасайды. Ең соңында «Qaisar jalyny» атты кешкі алау маңында басқосу өтеді.