Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.
Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайды: күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады.