$474.83 €518.99 ₽5.4
×

Әскери қызметшілердің жорық киімінің жаңа үлгісі таныстырылады

AstanaTV
05.05.2023ж. 16:33
839
Әскери қызметшілердің жорық киімінің жаңа үлгісі таныстырылады
Фото ҚазАқпарат

Бүгін Мемлекет басшысына әскери қызметшілердің жорық киімінің жаңа үлгісі таныстырылады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Мемлекет басшысына жорық киімі түрінің жаңа үлгісін көрсетеміз. Яғни, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік қызметін орындауына қажетті жабдықпен қамтамасыз ету нормасын қайта қарастырамыз. Оған саналы түрде барып отырмыз», - деді Қорғаныс министрі бүгін Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңес аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, жаңа киім үлгісі жауынгерлік тапсырмаларды орындауға ыңғайлы болады.

«Бұл киім үлгісін Қорғаныс министрінен бастап қатардағы жауынгерге дейін киеді. Жеке құрамға, басшылық құрамға жеке киім тігуге болмайды. Барлығы біркелкі болады. Киім үлгісі тапсырмаларды орындауға ыңғайлы болуы тиіс. Жеткізуші мемлекеттік сатып алу процестері аяқталғаннан кейін анықталады», - деді Руслан Жақсылықов.