Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент биыл әскери қызметшілердің жалақысы өсетінін айтты

AstanaTV
05.05.2023ж. 17:06
1077
Президент биыл әскери қызметшілердің жалақысы өсетінін айтты

2023 жылы әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні өткен Бүкілармиялық кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Президент асы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейетінін айтты.

"Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады".
Қасым-Жомарт Тоқаев
"Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек" деген Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын атап өтті.
"Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады", – деді Президент.

Қорғаныс және қауіпсіздік саласы елімізді тұрақты дамыту ісінде айрықша маңызды рөл атқарады.

"Айбынды армия – қасиетті жерімізді және елімізді қорғайтын сенімді қалқан. Халқымыз алаңсыз өмір сүруі үшін әскери қызметшілер өз міндетін мүлтіксіз атқаруы керек".
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сөз соңында Президент Отан күзетіндегі әрбір жауынгер антына адал болатынына сенім білдірді.