Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы", - Президент

05.05.2023ж. 20:00
1107
"Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы", - Президент

Ел тыныштығын күзетуде тынымсыз еңбек етіп жүрген әскерилер, құқық қорғау қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер салтанатты түрде табысталды. Шараға Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтады. Қос мереке Отан үшін от кешкен аға буын мен егемен елдің сарбаздары арасындағы сабақтастықты білдіреді. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Президент мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейту, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету еліміздің мызғымас басымдықтары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ЖОҒАРҒЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Отан қорғау – әрбір азамат үшін биік мәртебе. Сондай-ақ бұл – туған елдің, болашақ ұрпақтың алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздер еліміздегі бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Өз ісінің нағыз шебері атанып, мінсіз қызмет атқарып келесіздер. Ортамызда антына адал болып, ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тіккен бейбіт күннің батырлары бар. Олардың ерлігі, шын мәнінде, барша халыққа, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге.

"Қазақстан – бейбіт мемлекет. Біз барлық елдермен достық қатынас орнаттық. Мемлекеттер арасындағы кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз", - деді Президент. Сондықтан қамсыз отыруға болмайтынын айтты. Барлық жағдайға сақадай сай болуымыз айрықша маңызды екенін еске салды. Жоғарғы бас қолбасшы ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғауға атсалысып жүрген барша азаматқа алғыс айтты. Ерлігімен және еңбегімен дара шыққан бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды.

Еркін БОТАҚАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Үлкен жауапкершілік деп санаймын. Және де біздің Қазақстан қарулы күштерінің мерейтойына Отан қорғаушылар мерекесіне әрине алдымызға қойған қызметімізді тек қана жақсылықпен орындауға ант беруге дайынбыз.