Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарттарға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

05.05.2023ж. 20:00
920
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарттарға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қостанайда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарттарға көшпелі медициналық көмек көрсетілді. Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған игі шараға "AMANAT" партиясының Қостанай облыстық филиалының өкілдері мен медицина мамандары атсалысты. Мәслихат депуттары мен ақ халаттылар қаладағы тыл ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің үйін аралап, амандығын біліп, денсаулығын тексерді. Дәрігерлік кеңес берді. Кезінде облыстың екі ауданын басқарған ел ағасы, қоғам қайраткері Жақсылық Ғайсаұлы ілтипатын білдіріп, алғысын жаудырды.

Жақсылық ҒАЙСИН, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Осындай азамат бар екен, болған екен деп келіп сәлем беріп шықса соның өзі қазір бізге қуат береді.Соған біз қуанамыз. Жиі келіп тұрса жақсы бір жағынан.Олардың өздеріне де бізге де мысалы.

Гүлшат ЖҰМАБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Қаладағы қариялардың үйіне барып, хал-жағдайын сұрастырдық. Жеңіс мерекесі қарсаңында жылы лебіз білдірдік. Медицина қызметкерлері олардың денсаулығын тексеріп, дәрігерлік кеңес берді. Мамандарды үйге шақырып, зертханалық тексерістен өтуге болатынын айттық.