Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстандық көмірге сұраныс төмендеді

AstanaTV
28.09.2016ж. 20:00
2839
Қазақстандық көмірге сұраныс төмендеді

Қазақстан көміріне сұраныс төмендеді. Әсіресе Ресейге экспорт бәсеңдеген. Бұған себеп, көрші елдегі импортты алмастыру саясаты. Сондай-ақ Ресей билігі Новокузнецк өнімінің сұранысын арттыру талабын қойып отыр. Қазақстаннан шетелге, оның ішінде Ресейге тасымалданатын қатты отынның дені Екібастұздан шығарылады.

Жыл басынан елден бар-жоғы 12 млн тонна көмір экспортталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 пайызға кем. Ал соңғы 8 айда  57,8 млн тонна өндірілді, бұл былтырғыдан 5,3 пайызға кем. Сала мамандары жыл соңына дейін өндіріс тағы 5-6 пайызға төмендеуі мүмкін деп отыр. Өйткені Ұлыбритания, Финляндия, Жапония және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне шикізат асыруда кедергілер туындаған.

Баубек Тоқтағазин, кен өндіру және тау-кен металлургия өнеркәсібі қауымдастығының сарапшысы:

Бірінші негізгі себеп, ресейлік көмір өндіруші компанияларының қолдан жасап отырған кедергілері. Сонымен қатар тауарды тасымалдауға берілетін шектеулер. Бірақ бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстардың оңды шешілетінін байқап отырмыз. Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы блогының қатысуы мен қолдауы арқасында теңіз порттары мен терминалдарына қолжеткізуге байланысты ереже қабылдануы тиіс.  Бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деген ойдамыз. 

А. ҚОСАНОВ