Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Аstana» телеарнасында әскери-теңізшілер туралы жаңа телехикая көрсетіледі

05.05.2023ж. 20:00
1278
«Аstana» телеарнасында әскери-теңізшілер туралы жаңа телехикая көрсетіледі

«Астана» телеарнасы «По синим волнам» телехикаясының түсірілім жұмыстарын бастады. Бұл еліміздегі алғаш шығатын әскери-теңіз күштеріне арналған отандық туынды болмақ. Сериал Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің тапсырымымен әзірленеді. Түсірілім Алматы және Ақтау қалаларында болады. Ал кинода басты рөлдерді еліміздің танымал өнер жұлдыздары сомдамақ.

Асқар ДҮЙСЕНБИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ТЕҢІЗ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, СЦЕНАРЛЫҚ ТОПТЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Мен ойлаймын осы біздің Қазақстан қоғамына әсіресе Қазақстан жастарына өте маңызды деп ойлаймын, өйткені болашақ мамандарды дайындау үшін оларды насихаттау керекпіз. Енді басты мақсат әрине теңізшілердің өмірін көрсету керек, қалай оларды дайындайды, қандай жағдаймен кездеседі теңізде. Біздің академия жұмысын, теңіз офицерлерінің жұмысын барлығын көрсету керекпіз.

Биыл еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына - 30 жыл. Әскери теңізшілердің жұмысы- ауыр, олардың міндеттері де басқа жауынгерлерден ерекше. “Осындай айтулы мерекелі күнге орай, теңізшілердің мәртебесін еселейтін туындыны жарыққа шығарып, жастарға көрсету” - біздің басты мақсат дейді сериал авторлары.