Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қостанайдағы тасымалдаушы компаниялар қоғамдық көліктерде жүру құнын көтеруді сұрап отыр

AstanaTV
28.09.2016ж. 20:00
2503
Қостанайдағы тасымалдаушы компаниялар қоғамдық көліктерде жүру құнын көтеруді сұрап отыр

Қостанайда қоғамдық көліктерде жүру ақысы 80 теңге болуы мүмкін. Тобыл өңіріндегі жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар жергілікті биліктен жол ақысын көтеруді сұрап отыр. Себебі дизель отынының қымбаттауы тасымалдаушы субъектілерді тығырыққа тіреп отыр. Мемлекеттік реттеу доғарылғаннан бері өңірде жағармай бағасы шарықтап, 30 теңгеге өскен болатын.

Тасымалдау құны өспесе, кәсіпорындар тоқырауға ұшырап, жұмысын тоқтатуы мүмкін. Қала ішіндегі маршруттық автобустардың тарифі соңғы 3 жылда өзгермеген. Қазіргі таңда жол құны 60 теңге. Қалалық әкімдік тасымалдаушылардың өтінішін қарастырып, жолақысына қатысты шешімді жуық арада қабылдаймыз деп отыр.

Самат Жанділдин, Қостанай қаласы әкімінің бас инспекторы:

Қоғамдық көлікпен тасымалдайтын субъектілердің өздері жасаған есепті біздің мамандар қарастырып, барлық экономикалық талаптарға сай шешім қабылдайтын болады. 

Заңғар САНАЙ