$498.34 €519.72 ₽4.85
×

23 жастағы атыраулық он алтыншы қабаттан секіруге оқталған

AstanaTV
06.05.2023ж. 15:59
844
23 жастағы атыраулық он алтыншы қабаттан секіруге оқталған

Атырауда 23 жастағы жігіт тұрғын үйдің 16-қабатынан секіруге оқталды.

Бұл туралы бүгін, 6 мамыр күні сағат түнгі 3:06 шамасында 102 арнасына хабар түскен.

«Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданында орналасқан тұрғын үйдің 16-қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарланды. Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов, қызмет инспекторлары, полиция аға лейтенанты Айдос Құбиев пен полиция лейтенанты Серік Жолдығалиұлы жедел жетті. Полицейлер жоғарғы қабатқа көтерілгенде, ер адам өзіне жақындамауын ескертіп, айғайлай бастаған. Жағдайды бағдарлаған полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысқан. Олар ыңғайлы сәтте шапшаң қимылдап ер адамның арқасынан ұстап, балконға тартып кіргізген», - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметінен.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Кейін оның жасы 23-те екені анықталды. Мұндай тосын әрекетке бару себебі тексеріліп жатыр. Онымен психологтар да жұмыс жүргізуде.