Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"9 ота жасалған". 53 жастағы әйел адам танымастай өзгерген

AstanaTV
07.05.2023ж. 21:49
3826
"9 ота жасалған". 53 жастағы әйел адам танымастай өзгерген
Фото: Видеодан алынған кадр

Адам танымастай өзгерген әйел Қазнетті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Айнагүл есімді әйелдің 8 наурызда сұлулық салонына шақырылғаны туралы айтылған. Айнагүл 53 жаста, ол ешқашан сұлулық салонында болып көрмеген, өмір бойы шашын өзі қиып келген. 

Айнагүлге 9 ота жасалған, ол 4 жыл бойы мүгедектер арбасына таңылған. 

Айнагүл мен оның немерелері оның жаңа образын көріп таңғалды. 

Желі қолданушылары әйелге жаңа образ сыйлаған ұйымдастырушыларға разылығын айтып, түрлі пікір қалдырған. 

"Өте әдемі әйел екен", "Көп рақмет, Алла сауаптан жазсын", "Қандай керемет, әйелге сондай күшті эмоция сыйладыңыздар", "Қолың дерт көрмесін, керемет", "Жарайсыңдар, дами беріңдер", "Ең бастысы, Айнагүлге ұнағаны", - деп жазған олар.