$496.41 €542.77 ₽6.05
×

Медеудегі өртті сөндіруге ұшақ жіберілді

AstanaTV
08.05.2023ж. 13:47
896
Медеудегі өртті сөндіруге ұшақ жіберілді

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр.

Өрттің видеосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жануда.

«Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан».

Сонымен қатар мәлім етілгендей, Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» ұшағы шықты.