Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 222 ардагері бар

AstanaTV
09.05.2023ж. 08:32
1423
Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 222 ардагері бар

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 222 ардагері бар, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мыңнан аса адам тұрады. Ұрыс даласына қазақ елінен 1 миллион 200 мыңнан аса адам шақыртылған. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Оның төртеуі бұл атақты екі мәрте иеленді. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғысқа шақыртылғандар - 1,2 миллион

Қаза тапқандар - 600 мың

Орден, медаль алғандар - 100 мың

Кеңес одағының батыры атанғандар - 500

Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар - 4

ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110

Еске салайық, бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапқаны белгілі болғаны хабарланған еді.


Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен екі ардагерге "Халық қаһарманы" атағы берілді. 


Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/83061/