Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына біржолғы өтемақы төленеді

AstanaTV
11.05.2023ж. 09:00
779
Алматыда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына біржолғы өтемақы төленеді

Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына 60 айлық көлемінде ақшалай қаражат (5 жылға), яғни шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады.

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға және қаза тапқан қызметкердің мұрагерлері туралы тармаққа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, жерлеу рәсімінің шығыны - 600 мың теңге көлемінде қосымша өтемақы төленетін болады. Жерлеу рәсіміне арналған барлық шығынды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өз мойнына алды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Президенті Әкімшілігіне қызмет бабында қаза тапқан өрт сөндіруші А.Ж. Құрманбековты мемлекеттік наградамен марапаттау туралы ұсыныс енгізді.