Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын жұбайы Раиммен Лондонға саяхатқа аттанған болатын. Әншінің демалыстан елге орала сала самаурын қайнатқан сәті желіге тарады. Бұл жайлы әншінің өзі Instagram желісіне жариялады.
Еркенің бұл видеосы кейінірек әлеуметтік желілерге тарап кеткен. "Қазақстандамыз. Өмір бұл - баланс", - деп жазды Ерке Есмаханның өзі. Видеодан әншінің самаурынның отын тексеріп жүргенін көруге болады. Ал желідегілер әншінің бұл ісіне сүйсінгенін жасырмады. "Керемет", "Орамал қайда", "Ерке емес", - деп жазды желідегілер.