Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Cоңғы екі жылда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті

AstanaTV
11.05.2023ж. 12:05
1060
Cоңғы екі жылда алғаш рет сілеусін фототұзаққа түсті

Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзаққа сілеусін түсіп қалды

ҚР Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, сілеусін соңғы екі жылда алғаш рет фототұзаққа іліккен.

«Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал терісінің ала болып келуі сілеусінді ағаштардың арасына оңай жасырынуға көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан ол байқалмай қалады», - дейді сарапшылар.

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіретін сирек кездеестін аңның ересек түрі бір күнде 30 шақырымға дейінге арақашықты еңсере алады.