$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екі жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 4 мың нәресте дүниеге келді

AstanaTV
11.05.2023ж. 14:57
1334
Екі жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 4 мың нәресте дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы басталғаннан бері 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жариялаған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған.

«2020 жылы Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі отбасылық-демографиялық ахуал зор алаңдаушылық тудырып отырған мəселе екенін айтып, Үкіметке ЭКҰ квотаны 7 есе ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік 2021 жылдан бастап жыл сайын отбасылық жұптарға ЭКҰ жүргізуге 7 000 квота берумен «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның іске асырылуы кезеңінде (2021-2022 жылдары) 14 000 әйел квота алды. Нәтижесінде 3 300 отбасында 4 000 сәби дүниеге келді, шамамен 2 500 әйел жүктілігі бойынша қаралуда», - делінген министрлік ақпаратында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы 7 жылға арналған Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасы әзірленді.