$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сенатор Астанадағы су тапшылығы мәселесін көтерді

11.05.2023ж. 20:00
1115
Сенатор Астанадағы су тапшылығы мәселесін көтерді

ЕлІмізде 2040 жылға қарай су тапшылығы болуы мүмкін. Сенатор Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, елордада жағдай қазірдің өзінде мәз емес. Тәулігіне 30 мың текше метр суға зәрулік байқалады. Оған сол жағалауда тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы әсер етіп отыр дейді. Сондай-ақ, 4 млн-нан астам қазақстандықты сумен қамтамасыз ететін Ертістің суы әртүрлі кәсіпорындардың салынуы мен экологиялық жағдайларға байланысты азайып кеткен. Сондықтан үкімет мәселеге дер кезінде назар аударуды сұрады.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Сәтпаев каналы арқылы Ертістің суын елордаға бұру бойынша жобадан басқа да балама бағыттарды қарастыру керек. Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқық аясында трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа модельдерін қолға алу қажет. Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы мамандардың білім деңгейін арттыруды және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңартуды сұраймыз.