$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда іргесіндегі "Ақсуат" ауылдық округінің тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болды

Қызылорда іргесіндегі "Ақсуат" ауылдық округінің тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болды

Қызылорда қаласының іргесіндегі "Ақсуат" ауылдық округі табиғи газға қосылды. 10 мыңнан аса халқы бар ауыл бұған дейін от жағып, күл шығаратын. Енді будақтаған түтін мен көмір тасу машақатынан құтылды. Көптен күткен ақжолтай жаңалыққа ақсуаттықтар дән риза.

Ақсуат ауылдық округі күре жолдық бойында орналасқан. Қала іргесіндегі ауылды табиғи газге қосу мәселесін тұрғындар бұған дейін

жиі көтеретін. Қыстың күні отын жарып, от жағып келді. Тұрғындар тіпті қыстың күндері пештің мұржасы бітеліп, әбігерге түсетіндерін де жасырмайды.

"Сол түйткілдің түйіні тарқағанына ауылдастар дән риза" дейді Сейітқасым Тәуірбаев.

Сейітқасым ТӘУІРБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Күл шығардық. Үйден кете алмадық оны жағып отырып. Газ деген жауапкершілікті талап ететін жұмыс қой. Халықтың, елдің салт болып сақтық шараларын қатаң сақталуына мән беру. Соны ұстансақ газ жақсы, өте тиімді.

Аймақта өткен жылы 6 ауыл табиғи газге қосылды. Жалпы облыс халқының 70 проценті көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Газдандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Республикалық бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлініп, 2022 жылы басталған 7 жоба жалғастырылады. Және жаңада 12 жоба жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде Абай, Досан елді-мекендеріне газ жеткізу жобалары бар. Бұл жобаларға республикалық, облыстық бюджеттен 662 млн. теңге бөлініп, жұмыстар басталды.

Биыл қала іргесіндегі "Сабалақ" саяжайына газ тарту мәселесі қолға алынбақ. Оның жобалық сметалық құжаттарына демеушілер есебінен

100 млн теңге бөлінген.