$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы. Не өзгерді?

AstanaTV
01.10.2016ж. 20:00
4494
Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы. Не өзгерді?

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын атап өту туралы ЮНЕСКО қаулысы шықса да, өзіміздің жоғары деңгейде атап өте алмағанымыз өкінішті ғана емес, ұят. Әрі секемденетін жағдай. Себебі Алаш қайраткерлерінің мақсаты, мұраты, қызметін бағамдау мен қорытынды шығару ұлтты ұйыстыратын іс. Біз ылғи айтып жүреміз –20-ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихымызды Алаш қайраткерлерінің өмірі, қызметі, әрекеті тұрғысынан оқыту керектігін. Сол ракурстан оқытса, жанымыздың бір болуына зор ықпал етер еді. "Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қыстыгүні үңгірде жатып, өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны - өз аяғы"- деген еді Әлихан Бөкейханов. Содан бері не өзгерді?

Әлихантанушы Сұлтанхан Ақұлұлымен Саламат Омаш сұхбаттасқан, айтқаны мынадай:

Сұлтанхан Ақұлұлы, Әлихан Бөкейханов мұрасын зерттеуші:

 Әлиханның 150 жылдығы өзімнің көңілімнен шығатындай, менің ғана емес, қазақ қоғамының көңілінен шығатындай тойланып жатыр деп айтуға аузым бармайды.  Алаш туралы, Әлихан, Ахмет туралы мақала шықса жұрт окиды. Себебі бүгінгі жұрттың іздегені алаш идеясы, ұлттық идея. Бірақ бүгін оны көрсетуге кең көлемде жағдай жасалмай отыр. 

Әлекеңнің есімін Алматыдағы Ұлттық аграрлық университетке, Алматыдағы тұңғыш метрополитенге берілсін деген ұсыныс айтылған. Семейге өзінің бұрынғы тарихи атауы, Алаш автономиясының алғашқы астанасы Алаш деген атауын қайтару туралы ұсыныс айтылған. Оған ешқандай іс-әрекет жасалған жоқ.  

Алаш қайраткерлерімен халықтың бейтаныс сол деңгейде қалды. 150 жылдық мерейтойлар, тарихи іс шаралар халықтың көзін ағарту, ұлттық сана сенім тәрбиелеу үшін керек. 150 жылдық туралы толық телехабарлар көрдік пе? Азын аулық қана.