Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бір топ адам АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы есірткі әкелуге тырысқан

AstanaTV
12.05.2023ж. 11:58
999
Бір топ адам АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы есірткі әкелуге тырысқан

Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын одан әрі бақыланатын жеткізуді жүзеге асырды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып табылады. Жалпы салмағы 500 гр болатын кептірілген марихуана. Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берген. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Олар УҰИ қамалды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.